{metadescription}
Петропавл тұрғыны 600-ден астам атуға жарамды патрон сақтаған

Петропавл тұрғыны 600-ден астам атуға жарамды патрон сақтаған

Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Петропавл тұрғыны атуға жарамды патрондарды заңсыз сақтағанын мойындап, бір қап оқ-дәрінің жатқан жерін көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық полицейлер қаладағы саяжай учаскелерінің бірінің маңынан 5 литрлік пластмасса бөтелкені тапты. Оның ішінде қапқа оралған оқ-дәрі болған. Патрондар иір ұңғылы қаруға арналған екен. 5,45 мм калибрлі оқ-дәрінің жалпы саны – 659.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес олар атуға жарамды екені анықталды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«ҚР ҚК 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған жағдайда, егер әрекетінде қылмыс белгілері болмаса заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде