{metadescription}
Жалған ақша сатқан ерлі-зайыптылар Швециядан ұстап әкелініп, 5 жылға сотталды

Жалған ақша сатқан ерлі-зайыптылар Швециядан ұстап әкелініп, 5 жылға сотталды

Шымкент қаласының екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақшаны (номиналы 500 еуро банкноталар) сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

Бұған дейін 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады.

Жалған ақша тауып алсаңыз, ең бастысы - оны сатуға тырыспаңыз.

ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Жалған купюра тапсаңыз, дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде