{metadescription}
Атырау облысында құрылыс компаниясы тұрғындардың 650 миллион теңгесін заңсыз иемденген

Атырау облысында құрылыс компаниясы тұрғындардың 650 миллион теңгесін заңсыз иемденген

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған компания өкілдеріне тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдік келтіріліп отыр.

Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған.

Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Өз кезегінде, облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағы болуы тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.