Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл беруді сұрады
Астана қалалық соты Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі әлі қарап жатыр.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
11:08 15.09.2023
«Тараптар Қылмыстық-процессуалды кодекстің 613-бабына сәйкес кінәсін тану туралы іс жүргізу келісімін жасасу үшін шарттардың бар екендігін растайды. Сотталушыларға қатысты азаптауға және басқа да қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын жағдай болған жоқ. Өз еркімен кінәсін мойындау туралы келісім жасалды және оның құқықтық салдарын мойындады. Жәбірленушілердің өкілдері кінәсін мойындау туралы мәміле жасауға келісімдерін берді, Боранбаевқа, Нахановқа және Жанұзаққа наразылықтары жоқ», - деді прокурор Олжас Хайруллаев.
Сондай-ақ, прокурор Қайрат Боранбаевтың жазасына қатысты өз ұсынысын білдірді.
«Айтылған мән-жайларды ескере отырып, құрметті сот Қайрат Боранбаевты ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 2-тармағының 4-бөлігі, ҚР Қылмыстық кодекстің 218-тармағының 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды және мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі 28-бабы бойынша жаза тағайындауды сұраймын. Мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте, оның ведомствосында, Қаржы нарығын реттеу және бақылау, қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда және қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерде өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айрылсын. ҚР Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде жазаның мерзімін қысқарту арқылы Қ. Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді О. Хайруллаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!