{metadescription}
Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Алматының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәліге) қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. 
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.