Алматы облысында 15 жасар бала алты оқушыны қағып кетті
Алматы облысы Нарынқол ауылында «Subaru» көлігін тізгіндеген 15 жасар жасөспірім алты баланы қағып кетті.
14:06 22.09.2023
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйек күні Нарынқол ауылында болған.
15 жасар бала «Subaru» маркалы көлік құралының рульін басқара алмай, тротуарға шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
Салдарынан 2008 жылы туған кәмелетке толмаған 6 бала зардап шекті, оның бесеуі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша полицияда тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай жасөспірім ағасының көлігін рұқсатсыз айдап, дүкенге шығып кеткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!