{metadescription}
Мария Дмитриенко Азия ойындарының қола жүлдесін олжалады

Мария Дмитриенко Азия ойындарының қола жүлдесін олжалады

Стенд ату бойынша Қазақстан командасының өкілі Мария Дмитриенко Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын иеленді. 

Ол трап санатында 34 ұпай жинап, «қола» олжалады.

Қытай өкілі Синьцю Чжан 47 ұпаймен жеңімпаз атанды. Осы нәтижесі арқылы ол Азия өңірінің және Азия ойындарының рекордын орнатты. Екінші сатыға 43 ұпай жинаған Цуйцуй Ву көтерілді.

Осы санатта Қазақстанның тағы бір өкілі Айжан Досмағамбетова 27 ұпаймен төртінші болды.

Сондай-ақ айта кетейік, Азия ойындарында қазақстандық боксшы Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Богданова құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті. Бұған дейін турнир кезінде Қазақстан спортшысы Сауд Арабия өкілі Рагад Ибрагим Аль-Наимиді мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде