Екібастұзға жылу беру жөніндегі жедел штаб отырысы өтті
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзды жылыту маусымына дайындау жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Павлодар облысы әкімдігі
16:10 01.10.2023
Өңір әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Екібастұзда барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.
Бүгін таңертең қаланың Жылу электр орталығында 2 қазандық іске қосылды. ЖМ-7 және ЖМ-10 жылу желілері толығымен толтырылды. Күн соңына дейін тағы бес магистраль – ЖМ 1, 3, 5, 8, 12-ні толтыру жоспарланған.
Өңір басшысы барлық жылу желілерін мұқият қадағалауды және тұрғындар тарапынан қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды.
«Осыдан кейін Асайын Байханов бірнеше көпқабатты тұрғын үйді аралап, олардың жылу қабылдауға дайындықтарын тексерді. Сондай-ақ Пішембаев көшесі бойындағы жеке сектор тұрғындарымен кездесті, олар үйлерінің маңындағы сумен жабдықтау желісінің жөндеу жұмыстарының барысын тексеруді сұрады.
Учаскедегі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, желінің тозған учаскесі ауыстырылып жатыр. Жұмыстарды келесі аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған», - делінген облыс әкімдігі мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!