{metadescription}
Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды

Тойдан кейін бір-бірін пышақтаған қостанайлықтар ұсталды

Қостанайда полиция қызметкерлері үйлену тойында болған жанжалға қатысқан 6 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық департаменттің дерегінше, 1 қазанға қараған түні полицияға Қостанайдағы мейрамханалардың бірінің жанында бірнеше адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына дереу келген полицейлер Қостанай қаласы полиция басқармасы Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Үйлену тойынан кейін Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасындағы жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Оның барысында ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы тұрғын қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармады. Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөзқызметінен.

Аталған оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде