Шіркеудің шатыры опырылып, 9 адам қаза тапты
Мексикада шіркеу шатыры құлап, тоғыз адам қаза тапты, тағы 30 тұрғын қираған ғимараттың ішінде қалды.
Фото: theguardian.com
16:17 02.10.2023
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сьюдад-Мадеро қаласындағы Санта-Крус шіркеуінің шатыры опырылып, 10 адам ауруханаға жеткізілген. Тамаулипас штатының полициясы шіркеу шатыры қирағанда ішінде шоқыну рәсімі өтіп жатқанын, 100-ге жуық адам болғанын хабарлады.
Үйінді арасында қалғандардың ішінде балалар да болуы мүмкін. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желілердегі суреттерде шіркеу ғимараты қирап жатқанын, ал адамдар үйіндіні айналып, ішінде қалғандарды іздеп жүргенін көруге болады.
Билік өкілдері ішінде қалған адамдар көмекке шақырғанда естімей қалмау үшін оқиға орнына жиналғандардан тыныштық сақтауды талап еткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!