Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады
Қазгидромет синоптиктері 3-5 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
16:40 02.10.2023
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.
Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумйды, күн ашық.
Республика бойынша тұман түседі.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!