{metadescription}
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер Шымкент қаласында ұсталды.

Ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген. «Заңсыз келуші -2023» өңірлік операциясы кезінде Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлері Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетел азаматын ұстады.

"Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде, Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды. Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында, ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда, шетелдіктен ешқандай қару табылмады. Қазіргі таңда, күдікті қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде", - деп жазды ІІМ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.