{metadescription}
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476 – 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 481,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 477 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

2 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,16 теңгеге қымбаттап, 478, 15 теңге болған.

Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 478, 35 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73 – 4, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,70 - 4,85 теңгеден сатылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде