{metadescription}
Әлихан Смайылов министрліктерге жол бойындағы өлім-жітімді азайтуды тапсырды

Әлихан Смайылов министрліктерге жол бойындағы өлім-жітімді азайтуды тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде жол қауіпсіздігін қамту мәселелеріне тоқталып, министрліктерге бірнеше міндет жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол қауіпсіздігін арттыру, жол апаттары мен өлім-жітім деңгейін азайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу біздің басты міндет. Жол бойындағы өлім-жітімді азайту керек. Осыған байланысты мынадай тапсырмалар беремін. Біріншіден, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізу қажет», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы жүктеген келесі тапсырма талдау негізінде және жергілікті жағдайларды ескере отырып, жол апаттары жиі болатын учаскелерде қадағалауды күшейту және қажетті шаралар қабылдау қажет.

«Сондай-ақ, көлік жүргізушілердің өз бетінше үйрену мәселесін пысықтау қажет. Бұл қадам тиісті нәтиже берген жоқ. Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алуды қатаңдату керек. Екіншіден, өткен аптада біз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2028-ші жылға дейінгі тұжырымдамасын қарастырдық, онда жол қауіпсіздігінің тұтас блогы көзделген», - дейді ол.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов жаңа тұжырымдаманың орындалу барысы тұрақты бақылауда болуы тиіс екендігін ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде