{metadescription}
Әуежайда көгал отап жүрген әйелді ұшақ қағып кетті

Әуежайда көгал отап жүрген әйелді ұшақ қағып кетті

27 жастағы Саманта Хейсті АҚШ-тың Оклахома штатындағы әуежай аумағында шағын ұшақ қанатымен қағып, қаза болды. Қайғылы оқиға 29 қыркүйек күні әйел Оклахома-Ситиден оңтүстік-шығысқа қарай 185 миль (298 шақырым) жерде орналасқан Брокен-Боу әуежайының ұшу-қону жолағының жанында шөп шабатын машинамен келе жатқанда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Bonanza A36 ұшағының ұшқышы Джеймс Бакстер тергеушілерге әйелді ұшақ ұшу-қону жолағына түскен кезде ғана көргенін айтты. Ол ұшақты қайта көтеріп, әйелдің үстінен ұшып өтпек болғанымен, үлгермеген.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге ұшқышқа ешқандай айып тағылған жоқ.

Федералдық авиация әкімшілігі ұшқыш пен ұшақтың ықтимал бұзушылықтары бойынша тергеуді бастады.

Facebook желісінде марқұм әйелдің достары жариялаған жазбаларға сай, Хейс үш баласы бар жалғызбасты ана болған. Балалардың жасы айтылмаған.

Ұшқыш Джеймс Бакстер апаттан зардап шеккен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде