{metadescription}
ІІМ Алматыда 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

ІІМ Алматыда 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы мектепте жеті жасар баланы зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет кулуарында Қазақстанда мектеп оқушыларының зорлану деректері көбеюіне не себеп екенін және істі ведомство қалай тексеріп жатқанын білуді жөн көрді.

"Бұл іс соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, сондықтан соталды тергеп-тексеру басталды, мен тергеу барысы туралы пікір бере алмаймын немесе алдын ала болжам жасай алмаймын. Процессуалдық заң бұған тыйым салады. Сондықтан, тергеу нәтижесін күтейік. Әзірге күдіктілер жоқ, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қожаев журналистің сұрағына жауап беріп.

Еске сала кетейік, оқиға туралы жәбірленушінің анасы хабарлаған болатын. Әйел жеті жастағы баласына қатысты оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттап, видео түсірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде