{metadescription}
Қарағанды облысындағы ұшақ апатының бірнеше себебі аталды

Қарағанды облысындағы ұшақ апатының бірнеше себебі аталды

ҚР Көлік министрлігі Авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев осыдан бірнеше күн бұрын болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Апаттан кейін тергеу амалдары бірден басталды. Оқиға орнына мамандар барды. Әуедегі ұшақ апаты бойынша негізі үш нұсқа қарастырылады. Ол адами фактор, техниканың істен шығуы, және сыртқы әсерлер», - деді деді Көлік министрінің уақытша міндетін атқарушы, Авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Авиация комитетінің басшысы, тергеу қорытындысы бойынша нәтижелер қосымша хабарланатынын айтты.

«Нұсқаушы ұшқыш тәжірибелі болды. Әуеде 1097 сағат ұшқан. Алғашқы дайындықты Жуковский атындағы әскери-әуе академиясының әскери-әуе күштерінің жоғары оқу орталығында өткізді. Оған куәлік 2019 жылы берілді. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты, әскери дәрежесі – қатардағы жауынгер», - дейді ол.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Қарағанды облысында ұшақ апатынан 2 адам мерт болғаны туралы хабарлаған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде