Доллардың ресми бағамы аталды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
16:19 04.10.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 59 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы: 1 доллар үшін — 477, 25 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 476,5 теңге, сатып алу — 479,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңгеден болса, сатып алу — 480.
Алматыда Ресей рублі 4,71 — 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,70 — 4,85 теңгеден сатылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!