Алматыда самокат мінген жасөспірімді жүк көлігі қағып мерт қылды
Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан жасөспірімді жүк көлігі басып кетті.
Фото: Видео кадры
19:30 04.10.2023
«Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі - 1978 жылы туған А.Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады полициядан.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!