{metadescription}
Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды

Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды

Қайғылы оқиға Төртүй ауылында болған. Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абайсыздық қайғылы оқиғаға әкелді. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.

«3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті», — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.

Сараптама тағайындалды. 

Болжам бойынша, өлімге газдан улану себеп болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде