Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінен есірткі мен қару табылды
Елдің үш өңірінде болған арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Оларды қолға түсіру кезінде жасаған қылмыстарының заттай дәлелі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Видео кадры
19:20 05.10.2023
Ұсталған адамдардан қару, есірткі заттары, балаклава және автокөлік нөмірлері тәркіленді.
Болжам бойынша олар қылмыс жасағанда осы нөмірлерді пайдаланған.
Сондай-ақ қаржыны бөлу журналы табылды.
Шетел валютасы түріндегі жалған ақша да алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!