{metadescription}
Алматыдан 212 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 212 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні сағат 00.43-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 42.00° с.е. 79.93° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша тербелістің сезілуі туралы мәлімет түспеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде