Алдағы демалыста күн суытып, қар жауады
Қазгидромет синоптиктері 7-9 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Фото: ҚазАқпарат
17:16 06.10.2023
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдайға фронттар ықпал етеді.
Соның салдарынан найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар жауады.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.
Елдің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда 1 градусқа дейін үсік сақталады.
Күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында – 15-27 градус жылы болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!