{metadescription}
Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан 76 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдесті.

Бұған дейін Жәмила әлем чемпионатында үш, Айпері екі мәрте жүлдегер атанған еді.

Биылғы әлем біріншілігінен кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан Жәмила қарсыласына 4:7 есебімен жол берді.

Сөйтіп күміс жүлдеге ие болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде