Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті
Түнде Медеу ауданында мопед жеңіл көлікке соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:39 07.10.2023
Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген видео пайда болды. Онда оқиға салдарынан блогерлердің зардап шеккені айтылған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік апаты түнгі сағат 01:00-де Медеу ауданында болған.
«Мопед жүргізушісі 1993 жылы туған азамат шығыс айналма жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, сол бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан мопед жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы зардап шекті. Олар қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!