Алматыда түн ішінде жиналып, өзара жанжалдасқан жастардың ісін полиция тексеріп жатыр
Алматыда Арбаттың маңында түнде жиналып, өзара жанжалдасқан жастардың видеосы желіге шықты, деп хабарлайды Kazinform.
08:35 12.10.2023
Видеодағы жазбада Арбаттың маңында бірнеше жасөспірімнің қыз үшін бір жігітті соққыға жыққаны жазылған. Сондай-ақ видеода олардың бірінің өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы айтқаны естіледі.
Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеріс бастағанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша полиция мен медициналық мекемелерге ешкім хабарласқан жоқ», - делінген полицияның хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!