{metadescription}
Ақмола облысында токқа түскен 56 жастағы жұмысшы көз жұмды

Ақмола облысында токқа түскен 56 жастағы жұмысшы көз жұмды

Ақмола облысында абайсызда тоққа түскен 56 жастағы жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ведомствоның мәліметінше, Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті кәсіпорынның басшысы хабарласып, электриктің тоқ соғып көз жұмғанын айтқан.

Белгілі болғандай, 56 жастағы жұмысшы экскаваторды электр қуатынан ажыратпаған.

Салдарынан 6 мың вольтты электр тоғы соққан.

«Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде