Қарағандыда құны 52 млн теңгені құрайтын заңсыз алкоголь мен темекі анықталды
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заңсыз акцизделетін өнімді анықтау бойынша кезекті рейдтік іс-шаралары кезінде ірі көлемдегі тауарлар тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Денис Моргунов © URA.RU
12:20 12.10.2023
Ағымдағы жылдың қазан айының басында жүргізілген тексерулер барысында тиісті лицензиясыз 1077 бөтелке алкоголь, 26 000-нан астам заңсыз темекі өнімі анықталды және тәркіленді.
"Алдын-ала бағалау бойынша заңсыз айналымнан алынған тауарлардың жалпы нарықтық құны шамамен 52 млн теңгені құрайды. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады", - деп жазды департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!