Израильде қаза тапқандар саны 1300-ге жетті
Израиль-Палестина қақтығысының шиеленісуі кезінде қаза тапқан израильдік тұрғындардың саны 1,3 мың адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
15:08 12.10.2023
3,3 мыңға жуық Израиль тұрғыны зардап шекті. Олардың 28-інің жағдайы орташа ауыр, 350-інің жағдайы ауыр.
Бұған дейін Израиль тарапындағы қақтығыс құрбандарының саны 1,2 мың адам екені хабарланған еді.
7 қазан күні таңертең Газа секторы Израильге бұрын-соңды болмаған зымыран шабуылын жасады. Сонымен қатар ХАМАС жауынгерлері жаппай зымыран шабуылдарынан кейін Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!