Антикор төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлан Сарқұлов пен Мақсат Жебегенов жаңа қызметке тағайындалды.
17:02 12.10.2023
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Ұлан Серікұлы Сарқұлов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!