Әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттаған 40 жастағы тұрғын жауапқа тартылды
Теолог мамандардың қорытындысына сәйкес, азамат ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Kazinform.
09:08 13.10.2023
Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен хаттама толтырылып, сот шешімімен 50АЕК көлемінде айыппұл салынды.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде ақпараттық жүйеге мониторинг жүргізді. Теріс діни мазмұндағы кітаптарды сатумен және сол тектес ақпараттарды таратумен айналысатын ғаламтор беттерін саралады. Нәтижесінде, әлеуметтік желіге жат ағымдағы бейне материалдарды жүктеген 40 жастағы қала тұрғыны күдікке ілінді», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!