{metadescription}
Синоптиктер демалыс күндері Қазақстанда үсік жүреді деп болжап отыр

Синоптиктер демалыс күндері Қазақстанда үсік жүреді деп болжап отыр

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.

"Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр көрсеткіші +10+20°-қа жетеді. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерде -1-3° үсік жүреді. Синоптиктердің болжауынша, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде