{metadescription}

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды. 

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенциясында айтылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мейірімнің келесі жекпе-жегі қазан айына жоспарланғаны хабарланған болатын. Ал бұған дейінгі жекпе-жегі сәуір айында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті. Ол жапондық Кадзуто Такесакомен (16-1-1, 15 КО) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBO International титулын қорғаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде