Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
08:12 14.10.2023
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын болса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта жел күшейіп, күші секундына 30 метрге жетеді, кейде одан жоғары болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!