Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Техас қаласы Розенберг қаласында өткен бокс кешінде ойын көрсетті.
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
10:27 15.10.2023
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салған жекпе-жекті неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО өткізді.
Он екі раунд болады деп белгіленген жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Нәтижесінде өзінің жүлделер санын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!