Еліміздің шығысында қатты жауын-шашын түсіп, жел тұрады
Қазгидромет ел аумағында 15 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
08:25 15.10.2023
"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын болады, елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел тұрады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деп жазды синоптиктер.
Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!