Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы қызметінен кетті
Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова қызметінен кетті. Ол жайлы өңірдің бас педагогы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: ашық дереккөзден
10:17 16.10.2023
Гүлсім Шабданқызы білім саласында 35 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Қарағанды облысының Білім басқармасына басшы болып 2020 жылы келді. Қызметінен кетуін отбасына көңіл бөлуді шешкенімен түсіндірген.
“10 жылдай мемлекеттік қызметте, 35 жылдан астам білім беру саласында қызмет атқардым. Аға пионер вожатыйдан облыстық Білім басқармасының басшысына дейінгі еңбек жолынан өттім. Осы уақыт ішінде үлкен тәжірибе мен құнды білім алдым. Көптеген тамаша адамдарды, өз саласының кәсіби мамандарын кездестірдім. Мектеп оқушыларының бірнеше буынының қалыптасуына атсалыстым. (...)
Үзіліс жасап, отбасым мен жақындарыма көбірек уақыт бөлетін сәт келді. Балаларымыздың жетістіктерімен мақтанып, немерелерімізді өсіруге көмектесетін уақыт.
Сондықтан мен Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы қызметінен кетуді жөн көрдім. Білім саласындағы әріптестеріме шыдамдылық, күш-қуат және қиын, бірақ игі ісімізде табыс тілеймін!”, – деп жазды Г.Қожахметова.
Әзірге Білім басқармасына кім басшылық ететіні белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!