«Ирина Қайратовнаның» қайтыс болған мобилографының алдын ала диагнозы айтылды
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Ирина Қайратовна» тобының мобилографы Жылқайдар Шахназдың өліміне себеп болған алдын ала диагнозды жариялады, деп хабарлайды Кazinform.
Фото: Instagram/irinakairatovna
13:22 16.10.2023
«14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз.
Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі», - делінген әкімдік мәліметінде.
Ж.Шахназ 21 жаста болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!