{metadescription}
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Асқар Төлешев Түркістан облысы Төтенше жағдайлар  департаментін басқарады. 

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып полковник Төлешев Асқар Дәулетбайұлы тағайындалды. Ол бұрын Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды. Вице-министр Асқар Төлешевті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айта келе, жұмысына сәттілік тіледі.

Төлешев Асқар Дәулетбайұлы 1975 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген. Мамандығы – «Өрт қауіпсіздігі».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде