Павлодарда су құбырын тарту кезінде топырақ астында қалған адам көз жұмды
Павлодарда екі ер адам су құбырын тарту кезінде топырақтың астында қалды.
Фото: pavlodarnews.kz
15:38 16.10.2023
Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 қазанда Достоевский көшесінде жеке үйдің ауласында болған. Үй иесіне көмектесіп жатқан екі ер адам су құбырын тарту кезінде топырақтың астында қалды.
«Құтқарушылар 1977 жылы туған азаматты үйінді астынан шығарды. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Өкінішке қарай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады», – дейді департаменттен.
Азаматтарды құтқару жұмыстарына он бір адам мен үш техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақмерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!