{metadescription}
Боранбаев Астанадағы қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне берді

Боранбаев Астанадағы қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне берді

Қайрат Боранбаев мемлекетке жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін қайтаратын болды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. 

"Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық", - делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды әлеуметтік мақсатта демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру үшін пайдалану жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде