Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды
Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Kazinform.
09:48 17.10.2023
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 5 қазан күні болған.
«Екі сотталған адамның арасында ерегес туындап, олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Осыған байланысты қызметтік тексеру жүрді. Соның қорытындысы бойынша түзету мекемесінің бірқатар қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.
Марқұмның нақты қандай жарақаттан көз жұмғаны жайлы ақпарат берілмеді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!