{metadescription}
Алматы облысында 15 жастағы қызды пышақтап кеткен

Алматы облысында 15 жастағы қызды пышақтап кеткен

Алматы облысының полицейлері Ұзынағаш ауылында кәмелетке толмаған қызды пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше,12 қазан күні таңғы сағат 6:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама келді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта фактіні тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

Қыздың жағдайы бірқалыпты ауыр. Бұл туралы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев мәлім етті. 

Тимур Құрбанбаевтың сөзінше, науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Ота кезінде дәрігерлер оқушы қыздың бауырының оң жақ тұсы, асқазан, іш майының тамырлары және іштің ашық зақымдануын анықтады. 

«Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды»,- деді бөлім меңгеруші Тимур Құрбанбаев. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде