{metadescription}
Боранбаев тағы 30 млрд теңгені өз еркімен Білім беруді қолдау қорына аударды

Боранбаев тағы 30 млрд теңгені өз еркімен Білім беруді қолдау қорына аударды

Қайрат Боранбаевқа өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

«Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді.

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды», - делінген ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде