Жылыту маусымы 1 қарашада басталуы керек – Смайылов Кентауға барды
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.
Фото: primeminister.kz
18:45 17.10.2023
Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Кентау Жылу электр орталығы 3 мыңнан астам нысанды, оның ішінде көпқабатты және жер үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мұндағы 6 қазандыққа соңғы 10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
«Бүгінгі таңда 4 қазандық толығымен дайын. Қалада жылыту маусымы жоспар бойынша 1 қарашадан басталуы керек. Сонымен қатар қосымша 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылыту маусымы қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!