{metadescription}
АҚШ Израиль жағалауына мыңдаған теңіз жаяу әскерін жіберді

АҚШ Израиль жағалауына мыңдаған теңіз жаяу әскерін жіберді

АҚШ Израиль жағалауына екі мың теңіз жаяу әскерінен тұратын жедел әрекет ету күшін жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

Жедел әрекет ету тобы аймақтағы АҚШ әскеріне қосылады. АҚШ осылай Иранға Газа секторында өршіп тұрған қақтығыстың аймақтық қақтығысқа ұласуына жол бермейтінін түсіндіргісі келеді.

АҚШ Таяу Шығыстағы әскер қатарын ұлғайтып, Жерорта теңізінің шығысына екінші үлкен ұшақ тасымалдағышын орналастырды, сонымен қатар, аймаққа әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтарын жіберді.

Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин 2000-ға жуық әскерді Израильге жіберуге дайын болуды бұйырғаны хабарланған болатын.

Қазірдің өзінде Жерорта теңізінің шығысында АҚШ-тың авиатасымалдағыш соққы беруші тобы бар, ал екіншісі жолда.

Америкалық тарап теңіз күштерінің қайда баратынын нақтыламады, бірақ ол Израильдің оңтүстік жағалауындағы Қызыл теңізде қалуы мүмкін, нәтижесінде АҚШ күштері елдің екі жағалау сызығына жақын орналасады.

Сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ президенті Джо Байденнің сәрсенбі күні Израильге сапарлайтынын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде