{metadescription}
Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

18 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 18 қазан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.