{metadescription}
Ақтауда 18 жастағы жігіттен 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді

Ақтауда 18 жастағы жігіттен 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді

Ақтауда 18 жастағы бозбаладан 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Ол құны 10 млн теңгеден асатын есірткімен "Қарасора-2023" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

18 жастағы қала тұрғыны 7 қазан күні сағат 11:30-да 29 шағын ауданында ұсталған.

“Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.