Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 19-21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
13:06 18.10.2023
Синоптиктердің болжамынша, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Содан кейін солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және желдің күшеюін тудырады. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда ашық ауа райы сақталады.
"Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус аяздан 10 градусқа дейін жылы болады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!