Қазақстанда көлік салығы жойылмайтын болды
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Kazinform.
13:48 18.10.2023
«Ендігі уақытта көлік салығына қатысты мәселе талқыланбайды. Ол қала береді», – деді министр Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.
«Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз», - деген еді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!